Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

588-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемдi кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлiгi кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi – жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын көлемдi кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi – жеке және лауазымды адамдарға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлiк оқиғасын тергеп-тексеруді жүргiзетiн органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсiнiктемелердi, кеме құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi не тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-588/