Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтердің, сол сияқты сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалары, жазулары мен белгiлеулері бар көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2 Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.