Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

607-бап. Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекеттер – тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-607/