Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
61-бап. Тұлға әкiмшiлiк жазаға тартылды деп есептелетiн мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған тұлға әкiмшiлiк
жазаны
орындау аяқталған күннен бастап бiр жыл ішінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері жасаған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – үш жыл ішінде осы жазаға тартылды деп есептеледi.
Тұлға әкімшілік жаза қолдануды жоятын рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жазадан босатылған жағдайда тұлға әкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім рақымшылық жасау актісі қолданылған күннен бастап есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-61/