Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы
1. Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не жәбірленушінің денсаулығына жеңiл зиян келтiруге алып келген әрекет –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-610/