Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

621-бап. Көлiкпен қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Темiржол көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе қол жүгi нәрселерін тасымалдау қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың қауiптi заттектермен немесе нәрселермен жасалатын операцияларды тиiстi құжаттарда тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзу немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тарту – ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу – көрсетілген заттектер мен нәрселер тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршруттық таксиде жарылу қаупi бар заттектерді немесе нәрселерді алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына тапсыру – үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.