Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

634-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын пайдалану мен қорғау қағидаларын бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

Жаяу жүргінші жолдары мен өткел (өтпе) көпiрлердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген жолаққа iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн жайластыру, жөндеу және ұдайы тазарту жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өтпе көпiрлердi қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды күйде және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау – жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-634/