Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

640-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде) бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту – лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық және жабық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының немесе куәландырушы орталықтың:
1) тіркеу куәліктерін беру шарттарын;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тұрғысынан тексеруді сақтамауынан көрінген бұзушылық – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру функционалының болмауынан көрінген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларын бұзу – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілтін пайдалану – жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-640/