Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын:
1) жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының болмауы;
2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі іс-шараларды орындамау;
3) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техниканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
4) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
5) әскери міндеттілерді броньдауды жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық – ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.