Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

646-бап. Әскери мiндеттiлер, әскерге шақырылушылар мен азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Халықты әлеуметтік қорғау органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедектігі бар адам деп танылуы туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары лауазымды адамының стационарлық емделудегі және диспансерлік есептегі әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді жергiлiктi әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының жергiлiктi әскери басқару органына әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендігі туралы белгiленген мерзiмде хабарламауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының тиісті жергілікті әскери басқару органдарына тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған, жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтар туралы хабарламауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының анықтау немесе алдын ала тергеу оларға қатысты жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы жергілікті әскери басқару органына заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Соттардың жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге жауапты лауазымды адамдарының сот оларға қатысты қылмыстық істер қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы заңнамада белгіленген мерзімде хабарламауы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-646/