Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

648-бап. Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Азаматтарды әскери есепке қою жөнiндегi тіркеу комиссиясының немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару – әскери мiндеттiлерге – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.