Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

660-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адам жасаған, құқық бұзушылық құрамы бар болған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қозғау жөніндегі шараларды мерзiмiнiң өтуі ішінде қасақана қолданбауы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi бұрмалау, егер бұл әрекет адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе елеулі залал келтiруге әкеп соқпаса, – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-660/