Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Прокурордың, тергеушiнің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнің, анықтаушының заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен қойған талаптарын орындамау – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-665/