Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

670-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның iшiнде борышкердiң жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзілгені және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жіберілгені туралы, борышкердiң өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамау - жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу анық емес, оның iшiнде борышкердiң кірістері мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер ұсыну – жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-670/