Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) –
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметтi жүзеге асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет –
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің нысанды киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) –
нысанды киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-675/