Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)

Об административных правонарушениях · № 235

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодекспен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды. Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-682/