Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) осы Кодекстiң 336, 359, 367, 410, 410-1, 411,
438 (бірінші бөлігінде), 589-баптарында көзделген өрт қауiпсiздiгi саласындағы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) осы Кодекстiң 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс
саласындағы;
3-1) осы Кодекстің 580, 581 (екінші бөлігінде), 582, 583 (екінші және үшінші бөліктерінде), 584, 586-баптарында көзделген шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
4) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2025 № 247-VIII Заңымен.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1)
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1)
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң сегізге дейiнгi, лауазымды және заңды тұлғаларға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
4-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
5.
01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі -ҚР 30.12.2025 № 247-VIII Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-686/