Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353 (уран өндіру жөніндегі операциялар бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 292, 293, 296-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-688-1/