Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
69-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары
1. Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн:
1) заңды түсiндiру;
3) келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу;
4) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.
2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкiн.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану мерзiмi үш айдан алты айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.
4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң
4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, ішкі істер органдары, егер осы Кодекстiң 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі өтіп кетпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-69/