Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда),
299 (бірінші және екінші бөліктерінде) (гидротехникалық құрылысжайлар қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (бірінші бөлігінде) (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
жөніндегі мемлекеттiк инспекторы,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
3)
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау
жөніндегі мемлекеттiк инспекторы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-698/