Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-701/