Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстің 406, 415 (бірінші бөлігінде)-баптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3)
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-703/