Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2) тиісті астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-705/