Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар

Об административных правонарушениях · № 235

1. Объектiлердiң салыну сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 317-1, 317-2, 318, 321, 322, 323 және 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-718/