Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
735-1-бап. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 465-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары және олардың орынбасарлары;
2) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-735-1/