Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
737-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу мiндеттерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:
1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу;
2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының,
ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы
нұсқаманың
орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-737/