Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

739-бап. Мерзiмдердi есептеу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайдаланылатын мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен және жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеген кезде мерзiмнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiм тәулiктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi есептеген кезде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді. Әкімшілік қамаққа алу мерзімін есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
4. Мерзiмді тәулiктермен есептеген кезде мерзiм бірінші тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептеледі және мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында бітеді.
5. Мерзiмді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде бітеді, ал егер бұл айда тиiстi күні болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, әкiмшiлiк ұстап алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi деп есептеледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-739/