Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

745-бап. Жәбiрленушi

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық зиян келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады.
2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Жәбірленушінің сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Істiң қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс өзі болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 754-бабында көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болып табылса, куә ретiнде оның өкiлiнен жауап алынуы мүмкiн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-745/