Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
748-бап. Қорғаушы
1. Қорғаушы – әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Қорғаушылар ретiнде адвокаттар, заң консультанттары қатысады. Қорғаушылар ретінде
адвокаттармен, заң консультанттарымен бірге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңнамада айқындалатын тәртiппен өзара негiзде Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушылар ретiнде қатысуға жiберiледi.
3. Қорғаушы iске қатысуға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында жіберіледі.
4. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің екі қатысушысына нақ сол бiр адам қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокат
және заң консультанты, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас тартуға құқылы емес.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-748/