Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

760-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру, қаулылардың және өзге де актілердің заңдылығын бағалау нәтижелерi бойынша прокурор:
1) сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылық енгізуге;
2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өздерiне ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
5) әкімшілік жаза туралы қаулының немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк ұстап алуға заңсыз тартылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылатын жағдайларда, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап келтіруге;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген актiлерi дереу орындалуға жатады. Прокурордың көрсетілген актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-760/