Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

797-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Мынадай:
1) осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 463, 476 (екінші бөлігінде), 478 (екінші бөлігінде), 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 571-1, 572, 573, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші және 4-1-бөліктерінде), 597 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 608, 612, 613 (3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға жеткізу, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы, кідірту себептерi жойылғанға дейiн кідіртуге, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
2) осы Кодекстiң 377, 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 476, 478 (екінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 573, 575, 593, 628-баптарында көрсетiлген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам шетел азаматтарына немесе шетелдiк заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн оларды арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткiзу арқылы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама орындалғанға дейiн немесе қысқартылған іс жүргізу бойынша айыппұл төленгенге дейін ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға;
3) осы Кодекстiң 334 (екінші бөлігінде), 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде), 597 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 610, 611-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы. Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға оны жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралы жүргiзушiсі тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полиция органдарының әскери қызметшілері, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы органдарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде), ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргізеді. Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы мүмкін.
3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгiленген нысандағы акт жасалады және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
4. Ұстап алынған көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-797/