Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін себептер мен негiз
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) осы баптың
үшінші және бесінші бөліктерінің
ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың
хабарлары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ масс-медиадағы хабарлар;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталуы немесе тіркелуі;
5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мыналар негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижесі;
2) табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында уәкілетті лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiнің тiкелей анықталуы.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 4, 5, 6, 8, 11 және 12-тармақтарында, сондай-ақ 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау респонденттерге қатысты бармай жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
3-1. Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін қабылданады. Келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк білдіру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ic:
1) осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен ескерту түріндегі жазалар және (немесе) айыппұл көзделген бұзушылықтар бойынша ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында ескертуден және (немесе) айыппұлдан басқа өзге де жазалар көзделген бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
Істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңдарында белгіленген, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3, 6-4 және 6-5-баптарында және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14 және 15-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздер болып табылады.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 8-1-тармағын қоспағанда, 129-бабында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
6. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-2, 39-3 және 86-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі және аварияларды тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.
7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілген, ерекше бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеру мен тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің және ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталып, жойылмаған бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-802/