Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

829-15-бап. Шағым, наразылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының, жоғары тұрған органның шағым, наразылық бойынша қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою

Об административных правонарушениях · № 235

Қаулының, нұсқаманың, шағым, наразылық бойынша қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулыны шығаруда, нұсқаманы ресімдеуде негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының, шағым, наразылық бойынша қаулының күшін жою немесе оны өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 840, 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-829-15/