Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы
1. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасауы, ал прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
2. Соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
3. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша судья (сот) шығарған қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
5. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-829-2/