Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
829-8-бап. Судьяның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
1. Осы Кодекстiң 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор сотқа қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдемелердi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-829-8/