Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

Об административных правонарушениях · № 235

1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат келтіреді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
4. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі тиіс болатын, сот көрсеткен мерзімге дейін келіп түскен жағдайда, шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-834/