Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.
2. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзі берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда, жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
3. Қамаққа алу туралы сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы – қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-846/