Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
874-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз өкiлеттiгі мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы
Президентінің
келiсімінсiз күштеп әкелуді, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға алып келетін әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді. Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Президенттің шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 819-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-874-1/