Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
877-бап. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдарды жете тексеру, әкiмшiлiк ұстап алу және күштеп әкелу
1. Осы Кодекстiң 876-бабы бiрiншi бөлiгiнiң
1), 4) – 7) тармақшаларында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Олардың өздерімен бірге дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын адамдардың мәртебесін растайтын құжаттары болған кезде, олардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргiзуге болмайды.
2. Егер шет мемлекет 876-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тарту ұсынса, іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-877/