Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi

Об административных правонарушениях · № 235

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
3) осы Кодекстің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;
3-1) осы Кодекстің 744 және 745-баптарында көзделген, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;
4) шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-883/