Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны,
ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы
нұсқаманы уәкілетті органдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға келтіреді.
2. Бір адамға қатысты бірнеше әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулы,
ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама
шығарылған жағдайда, әрбір қаулы, нұсқама дербес орындауға келтіріледі.
3. Тұлғаның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-886/