Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы қаулыны орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.
2. Жеке тұлға, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, рұқсат берген орган – рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен рұқсатты алып тастау үшін заңнамада көзделген шараларды қолданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-907/