Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
917-бап. Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар
Шетел азаматтарын
немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны мыналар орындайды:
1) осы Кодекстiң 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екiншi бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
2) осы Кодекстiң 109, 443-1 (екінші бөлігі), 449 (үшінші бөлігінде), 490 (үшінші, жетінші бөліктерінде), 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 510 (төртінші бөлігінде),
517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – iшкi iстер органдары.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-917/