Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама талаптарын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу – келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту – ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу – ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу – ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-97/