Лесной кодекс Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мазмұны Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 2. 2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
Тармақ 1
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының Экология кодексінде өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің күші жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған, мемлекеттік орман қорының жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттері бойынша қоғамдық қатынастарға қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу;
Тармақша 2
2) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су қорғау және санитариялық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
Тармақша 2
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
Тармақша 3
3) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
Тармақша 4
4) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
Тармақша 5
5) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;
Тармақша 6
6) орман пайдалануды реттеу функциялары мен басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және алынған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларының аражігін ажырату;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
Тармақша 8
8) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
Тармақша 9
9) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
Тармақша 10
10) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысуы.
Бап 4. 4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агроорман-мелиорациялық екпе – ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
Тармақша 2
2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) – шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
Тармақша 3
3) ағашы кесiлген жер – екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;
Тармақша 4
4) ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;
Тармақша 5
5) алаңқай жерлер – ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтері сақталған орман алаңы;
Тармақша 6
6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу – орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
Тармақша 7
7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер – өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
Тармақша 8
8) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
Тармақша 9
9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
Тармақша 10
10) артықшылығы бар екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
Тармақша 11
11) аса құнды орман алқаптары – тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;
Тармақша 12
12) аэрофототүсірілім – жер иеліктерінің шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі үшін аэрофотосуреттерді пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсіру;
Тармақша 13
13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
Тармақша 14
14) биологиялық әралуандық – түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілік пен экологиялық жүйелердің әртүрлілігін қамтитын, барлық көздерден, оның ішінде өздері бір бөлігі болып табылатын жердегі, теңіздегі және өзге де су экологиялық жүйелері мен экологиялық кешендерден тірі организмдердің өзгермелілігі;
Тармақша 15
15) биоценоз - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;
Тармақша 16
16) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
Тармақша 17
17) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
Тармақша 18
18) дериват – туынды өсімдік және одан немесе оның туындысынан жасалған өнім;
Тармақша 19
19) зияндылықтың экономикалық шегi - орман ресурстарына келтiрілген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;
Тармақша 20
20) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
Тармақша 21
21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
Тармақша 22
22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
Тармақша 23
23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
Тармақша 24
24) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
Тармақша 25
25) кесiлмеген ағаш – кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
Тармақша 26
26) қала ормандары – қалалық елдi мекеннің шекарасында өсетін және мемлекеттік орман қоры құрамына енетін, негізінен санитариялық-гигиеналық және рекреациялық функцияларды орындайтын табиғи және (немесе) қолдан өсірілген екпелер;
Тармақша 27
27) қалыпты екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және орташа, сапасы жақсы және орташа екпе;
Тармақша 28
28) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) – ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
Тармақша 29
29) мемлекеттiк орман қоры алқабы – орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру және орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
Тармақша 30
30) мемлекеттiк орман қорының санаты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк орман қорының ерекше қорғалатын, су сақтау, санитариялық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
Тармақша 31
31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
Тармақша 32
32) орман – ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және тірі табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
Тармақша 33
33) орман аурулары – қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
Тармақша 34
34) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;
Тармақша 35
35) орман дақылдарының қоры – орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген орындар, өртеңдер, алаңқайлар, селдір ормандар) және ормандануы орманды қолдан өсіру арқылы ғана мүмкін болатын ормансыз жерлер;
Тармақша 36
36) орман зиянкестерi – орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
Тармақша 37
37) орман иелену – орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену және пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
Тармақша 38
38) орман иеленушiлер – мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскелерi меншiгiнде болатын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары;
Тармақша 39
39) орман қарау аймағы – орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын орманшылық аумағының бiр бөлiгi;
Тармақша 40
40) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген талаптарға тексерілетін субъектілер қызметінің сәйкес келуі нысанасына оларды тексеру және бақылау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел араласпай-ақ құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
Тармақша 40-1
40-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік қадағалау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
Тармақша 41
Тармақша 42
42) орман қорын пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
Тармақша 43
43) орман қорын түгендеу – орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
Тармақша 44
44) орман орамы – орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру үшін қызмет ететін жергілікті жерде орман жолдарымен, табиғи шептермен (өзен жағалаулары, тау жоталары, жолдар және басқалар) шектелген орман қоры аумағының бір бөлігі;
Тармақша 45
45) орман өрт сөндіру станциясы – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі;
Тармақша 46
46) орман өсiру – бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
Тармақша 47
47) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
Тармақша 48
48) орман пайдаланушы – осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 49
49) орман питомнигі – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
Тармақша 50
50) орман соқпағы – орман орамдарының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
Тармақша 51
51) орман телімі – бастапқы орман шаруашылығы есептік бірлігі болып табылатын, орман орамы аумағының таксациялау сипаттамалары, топырақ-типологиялық жағдайлары және шаруашылық маңызы бойынша біртекті бөлігі;
Тармақша 52
52) орман тұқымы плантациясы – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;
Тармақша 53
53) орман тұқым шаруашылығы – тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
Тармақша 54
54) орман шаруашылығы – орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қамтитын орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
Тармақша 55
55) орман шаруашылығын жобалау – орман өсімдіктері, агроорман-мелиорациялық, өртке қарсы іс-шараларды, орман және аңшылық шаруашылығы объектілерін салуды жобалау жөніндегі жұмыстардың кешені;
Тармақша 56
56) орман шаруашылығы жолдары – орман шаруашылығы, өртке қарсы мақсаты бар, орман шаруашылығын жүргізу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін орманды аумақтардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін орман шаруашылығы объектілері;
Тармақша 57
57) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
Тармақша 58
58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 59
59) орман шаруашылығы iс-шаралары – орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiнде орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
Тармақша 60
60) орман шеберiнiң учаскесi – орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
Тармақша 61
61) ормандағы өрт қаупi бар маусым – климат және ауа райы факторларын негiзге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
Тармақша 62
62) ормандану – ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiру немесе орманның табиғи түрде өсуі;
Тармақша 63
63) ормандарды күзету – орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 64
64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу – жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
Тармақша 65
65) орманның қайта түлеуі – сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
Тармақша 66
66) орманды қорғау – орманды орман зиянкестерінен, ауруларынан және табиғи, антропогендiк және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiнде жер үстiндегі және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 67
67) орманды молықтыру – орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алаңдарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
Тармақша 68
68) орманды (кеспеағаш аймағын) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
Тармақша 69
69) орманды өңір – қандай да бір аумақта орман басқан жерлердiң оның жалпы алаңына орман өскен жердiң арақатынасы арқылы анықталып, пайызбен белгiленетiн дәрежесi;
Тармақша 70
70) орманның аса қауiптi зиянкестерi – жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
Тармақша 71
71) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
Тармақша 72
72) орманның жинақталмаған ағаштары – қолдан өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
Тармақша 73
73) орманның санитариялық жай-күйi – қоқыстанған, солып қалған және қураған ағаштардың болуы, зиянкестер санының және орман аурулары таралуының қарқыны, орманның жай-күйіне керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторлар туралы мәлiметтердi қамтитын орман жай-күйiнiң сипаттамасы;
Тармақша 74
74) орманшылық – орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
Тармақша 74-1
74-1) орманның экологиялық жүйелік қызметтері (бұдан әрі – орманның экожүйелік қызметтері) – орман қоры аумағында және оған іргелес жатқан учаскелерде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, пайдалы қасиеттерін қоса алғанда, орманды, оның функцияларын пайдаланудан алатын пайда;
Тармақша 75
75) өртең – екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
Тармақша 76
76) өскiн – орман жапырақтары астында немесе ағашы кесiлген жерде қалып қойған, көтеріліп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды ағаш өсімдіктерінің жас шыбықтары;
Тармақша 77
77) санитариялық мақсатта ағаш кесу – орманның санитариялық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
Тармақша 78
78) селдiреу – жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiңдер;
Тармақша 79
79) сөл алу – ағаштардың дiңдерiнен шайыр, сөл алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
Тармақша 80
80) сүрекдiң – орман екпелерiнiң негiзгi компоненті болып табылатын ағаштар жиынтығы;
Тармақша 81
81) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары – өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшін өсірудің қарқынды агротехникасы қолданылатын ағаш және бұта тұқымдылар;
Тармақша 82
82) тексеру кезеңi – орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
Тармақша 83
83) тұрақты орман тұқым базасы – тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
Тармақша 84
84) тұрақты орман тұқымы учаскесі – осы орман өсiру жағдайларында ұзақ уақыт бойы тұқым алуға арналған артықшылығы бар екпелерде, тұқым плантацияларында артықшылығы бар ағаштардан дайындалған тұқымдардан өсірілген, егiлген немесе отырғызылған көшеттерден жасалған жоғары өнімді табиғи түрдегі немесе орман дақылдары екпелерінің қалыптасқан учаскелері;
Тармақша 85
85) усадьба – ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
Тармақша 86
86) шайыр – қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
Тармақша 87
87) шоқ ормандар – орманды дала аймағында шағын учаскелер (0,1-ден 30 гектарға дейін) болып өсетін табиғи ормандар.
Тарау 2. 2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері
2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері
Бап 5. 5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi
5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi
Тармақ 1
1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры
6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды.
Тармақ 2
2. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қорына:
Тармақша 1
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;
Тармақша 2
2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
Тармақша 3
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
Тармақ 4
4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:
Тармақша 1
1) қолдан өсірілген екпелер;
Тармақша 2
2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;
Тармақша 3
3) жекеше орман питомниктерi;
Тармақша 4
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
Тармақша 5
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
Тармақша 6
6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады.
Тармақ 5
5. Орман қорына:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;
Тармақша 2
2) қала ормандарынан басқа, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл екпелер;
Тармақша 3
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.
Бап 7. 7-бап. Орман қорына меншiк құқығы
7-бап. Орман қорына меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.
Тармақ 2
2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Орман қорының жерлерi
8-бап. Орман қорының жерлерi
Тармақ 1
1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, бюджет қаражаты есебiнен, парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру шеңберінде бюджеттен тыс қаражат есебінен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.
Тармақ 3
3. Жекеше орман қоры жерлеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен берілген:
Тармақша 1
1) қолдан өсірілген екпелер;
Тармақша 2
2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;
Тармақша 3
3) жекеше орман питомниктері;
Тармақша 4
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
Тармақша 5
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
Тармақша 6
6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
Тармақ 6
6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстерімен айқындалады.
Бап 9. 9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi
9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi
Тармақ 1
1. Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады.
Тармақ 2
2. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері
9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырудан алынған көміртегі бірліктері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктерді беру қағидаларына сәйкес жобаны қаржыландырған жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі болады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру кезінде мемлекеттік орман қорының жер учаскелерінде отырғызылған орман екпелері мемлекеттің меншігінде болады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімі өткеннен кейін көміртегі бірліктеріне меншік құқығы мемлекетке өтеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 10. 10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi
10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды, орман өсiру мен (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар орман құқығы қатынастарының субъектiлерi болып табылады.
Бөлім 2. 2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау мен қадағалау
2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау мен қадағалау
Тарау 3. 3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
Бап 11. 11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттiк органдар жүйесi
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттiк органдар жүйесi Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өздерінің құзыреті шегінде жатады.
Бап 11-1. 11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі
11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 3
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;
Тармақша 5
5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;
Тармақша 6
6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;
Тармақша 7
7) тармақша 01.01.2015 бастап қолданысын тоқтатады;
Тармақша 8
8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;
Тармақша 9
9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;
Тармақша 10
10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттiк заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттiк жер қоры учаскелерiн бередi;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) мемлекеттiк орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою көлемдерін бекітеді;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 14
14) алып тасталды
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-1
17-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-2
17-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-3
Тармақша 17-4
17-4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-5
17-5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-6
17-6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-7
17-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-8
17-8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-9
17-9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-10
17-10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-11
17-11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-12
17-12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-13
17-13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-14
17-14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-15
17-15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-16
17-16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-17
17-17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-18
17-18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-19
17-19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17-20
17-20) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 18
Бап 13. 13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 4-1
4-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5-1
5-1) мыналарға:
Тармақша 5-2
орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;
Тармақша 5-3
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
Тармақша 5-4
ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына;
Тармақша 5-5
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен қырылуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
Тармақша 5-6
кеспеағаш аймағының бөлінуіне;
Тармақша 5-7
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
Тармақша 5-8
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;
Тармақша 5-9
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргiзілуіне;
Тармақша 5-10
орман қоры жерлерiнiң нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;
Тармақша 5-11
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 8
Тармақша 9
9) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 12
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
Тармақша 13
13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
Тармақша 16
16) алынып тасталды;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 18-1
18-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 18-2
18-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 18-3
Тармақша 18-4
18-4) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-5
Тармақша 18-6
Тармақша 18-7
Тармақша 18-8
Тармақша 18-9
Тармақша 18-10
Тармақша 18-11
Тармақша 18-12
18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтажы, балық шаруашылығы мен балық өсіруді жүргізу, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-13
Тармақша 18-14
Тармақша 18-15
Тармақша 18-16
Тармақша 18-17
Тармақша 18-18
Тармақша 18-19
Тармақша 18-20
18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 18-21
Тармақша 18-22
18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
Тармақша 18-23
Тармақша 18-24
Тармақша 18-25
Тармақша 18-26
Тармақша 18-27
Тармақша 18-28
Тармақша 18-29
18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-31
18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-32
18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-33
18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-34
Тармақша 18-35
18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-36
Тармақша 18-37
Тармақша 18-38
Тармақша 18-40
18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18-42
18-42) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 18-43
18-43) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 18-44
Тармақша 18-45
Тармақша 18-46
Тармақша 18-47
18-47) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды береді;
Тармақша 18-49
18-49) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;
Тармақша 18-50
18-50) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;
Тармақша 18-52
18-52) уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18-53
18-53) климаттың өзгеруіне осалдыққа бағалау жүргізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
Тармақша 18-55
18-55) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
Тармақ 3
Бап 14. 14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
Тармақша 2
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді, бекітеді және iске асырады;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
Тармақша 6
6) орманда өрт қаупi болатын маусымда табиғи өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн, сондай-ақ мемлекеттiк орман қорының аумағында орман өрттерін сөндіру үшін әуе кемелерін тартқан жағдайда авиациялық отын резервін жасайды;
Тармақша 7
7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 8
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
Тармақша 10
10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 12
12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
Тармақша 13
13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
Тармақша 13-1
13-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;
Тармақша 14
14) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақша 15-1
Тармақша 15-2
15-2) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығы мен балық өсіруді жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;
Тармақша 15-3
Тармақша 15-4
15-4) өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
Тармақша 15-5
15-5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16. 16-бап.
16-бап.
Бап 17. 17-бап.
17-бап.
Бап 18. 18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі
18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі Орман мекемесі:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
Тармақша 3
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
Тармақша 4
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
Тармақша 5
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
Тармақша 8
8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;
Тармақша 8-1
8-1) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) алып тасталды
Тармақша 11
11) алып тасталды
Тармақша 12
12) алып тасталды;
Тармақша 13
13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) орман орналастыру материалдарына сәйкес, орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді. Орман мекемесі аумақтық бөлімшемен келісу бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекітеді;
Тармақша 15
15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) әзірлейді.
Тармақша 16
16) орман иелену құқығымен берілген, орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығы мен балық өсіруді жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер береді.
Бап 18-1. 18-1-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласындағы қызметінің түрлері
18-1-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласындағы қызметінің түрлері Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды;
Тармақша 2
2) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды;
Тармақша 3
3) ормандарды молықтыруды және орман өсіруді;
Тармақша 4
4) өсімдіктер дүниесі объектілерін қолдан өсіруді;
Тармақша 5
5) орман шаруашылығын жобалауды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Бап 19. 19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Тармақ 1
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген орман қорын пайдалану тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру, оларды есепке алу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында көзделген өзге де қағидалар мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер, өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады. Тексеру осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 19-1. 19-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексерулерді жүзеге асыру тәртібі
19-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексерулерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерге орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қызмет жатады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы жұмыстар мен іс-шараларды тексеруді, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы орман заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің орман қорының жай-күйіне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру жүргізу кезінде тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орман қоры аумағында: заңсыз ағаш кесу фактісі; ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау; орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген, отырғызылған көшеттерді, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді, қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау; отқа немесе өзге де жоғары қауіп көзіне абай болмау салдарынан ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау бойынша бұзушылықтар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қасақана жою немесе зақымдау анықталған жағдайда, егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішті құраса не одан асып түссе, материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді немесе егер залал республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
Тармақ 6
6. Тексеру мерзімділігі: кешенді тексерулер – жылына бір рет; тақырыптық тексерулер жылына төрт рет жүргізіледі (қарау аймақтарын көктемгі және күзгі ревизиялау, өрт қаупі бар маусымға дайындалу, орман дақылдары жұмыстары). Тексеру мерзімдері он жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін бес жұмыс күніне дейін ұзартуға болады. Тексеру мерзімдерін ұзарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) табиғи-климаттық факторлар (орман өрттері, өзендердің тасуы, көшкіндер, тастардың құлауы, селдер, қар басу, дауылдар, нөсерлер және басқалар);
Тармақша 2
2) жаңадан анықталған мән-жайлар (заңсыз ағаш кесудің мәлім болған көлемі, ормандарды молықтырудың зақымдалған учаскелерінің алаңдарын анықтау және басқалар).
Тармақ 7
7. Жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалардың адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша өтініштері, прокурордың және өзге де құқық қорғау органдарының талаптары, мемлекеттік органдардың өтініштері, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау бойынша, сондай-ақ ірі орман өрттері туындаған және заңсыз ағаш кесу анықталған жағдайларда тағайындалады. Жоспардан тыс тексеру мерзімдері бес жұмыс күнінен аспайды және тексеру мерзімін үш жұмыс күніне дейін ұзартуға болады.
Тармақ 8
8. Көлемі бойынша тексерулер:
Тармақша 1
1) кешенді;
Тармақша 2
2) тақырыптық деп бөлінеді. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері кешені бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды бақылау кешенді тексеру болып табылады. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тексеру тақырыптық тексеру болып табылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган ведомствосы бірінші басшысының немесе аумақтық бөлімше бірінші басшысының бұйрығы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады. Тиісті бұйрық шығару үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне жүргізілген талдау мен мониторинг;
Тармақша 2
2) тексерулердің жылдық кестесі;
Тармақша 3
3) алдыңғы тексерулер мониторингінің қорытындылары.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторингтеу деректері.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің тексеру үшін келген лауазымды адамдары субъектіге:
Тармақша 1
1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін;
Тармақша 3
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге кіруге рұқсатын көрсетуге міндетті. Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы бұйрық табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
Тармақ 11
11. Тексерулердің қорытындысына тексерілетін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Тармақ 12
12. Аумақтық бөлімшелер шешімдерге шағым жасау мен оларды орындаудың қолданыстағы мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша материалдардың орындалуы мен әртүрлі сатылардан өтуіне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Бұзушылықтарды есепке алу, саны, түрлері мен бұзу орындары бойынша олардың динамикасын талдау мақсатында аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтарды, заңсыз табиғат пайдаланудың алып қойылған құралдарын және заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі объектілерін тіркеу журналын жүргізеді.
Тармақ 14
14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулер, егер бұларды уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, жарамсыз деп танылады. Жоғары тұрған мемлекеттік орган тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелерінің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау және қадағалау субъектісінің өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерудің нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін жою үшін негіз болып табылады. Жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт пен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзғанының дәлелдемесі болып табылмайды. Тексерулерді өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге негіздердің болмауы;
Тармақша 2
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың болмауы;
Тармақша 3
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы бұйрықты бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тағайындауы;
Тармақша 5
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді жүргізу мерзімдерін бұзу.
Тармақ 15
15. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) құжаттарды, ақпаратты, егер олар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына қатысты болмаса, беруді талап етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
Тармақша 3
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асырып жіберуге;
Тармақша 4
4) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған қатысты бұрын оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы сол бір кезеңдегі сол бір мәселе бойынша тексеруді жүргізуге;
Тармақша 5
5) тексерілетін субъектілердің есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығын сипатындағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
Бап 19-2. 19-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
19-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Қоғамдық қауіпті салдардың басталуын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қолданылатын тексерілетін субъектілерге ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Тармақ 1-1
1-1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі ормандардың биологиялық әралуандылығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры, мәдени және табиғи мұра объектілерінің сақталуына тікелей қауіп төндірген жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.
Тармақ 3
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын, оларды қолға түсіру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою;
Тармақша 3
3) ағаш кесу билетінің немесе орман билетінің қолданылуын үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру арқылы мемлекеттік орман иеленушілердің немесе орман пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру;
Тармақша 4
4) орман пайдалану түрлерін шектеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтату.
Тармақ 4
4. Осы Кодекстің 19-1-бабының 5-тармағында көрсетілген талаптардың бұзылуы жедел ден қою шаралары мен олардың түрлерін қолдануға негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылық анықталған кезде бұзушылық жасалған жерде қадағалау актісін ресімдейді және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамы қадағалау актісін ресімдегеннен кейін жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды қадағалау актісінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 10
10. Тексеру нәтижелері туралы актілерде және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын осы Кодекстің 19-1-бабына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
Тармақ 12
12. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдармен (қажет болған кезде) қоса беруге міндетті.
Тармақ 13
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады. Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 14
14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін мыналар:
Тармақша 1
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
Тармақша 2
2) жедел ден қою шараларын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшенің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы негіз болып табылады.
Тармақ 15
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы
20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарынан тұрады.
Тармақ 1-1
1-1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік орман инспекторы болып табылады.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган ведомствосы басшысының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлiмшелерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган ведомствосының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
Тармақ 5
5. Аумақтық бөлімшелердің басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады.
Тармақ 6
6. Аумақтық бөлімшелер басшыларының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.
Тармақ 7
7. Аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлiмшелерiнiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.
Тармақ 8
8. Аумақтық бөлімшелердің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының:
Тармақша 1
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрін, сондай-ақ мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптiң сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беру;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
Тармақша 3-1
3-1) осы Кодексті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы қаулыларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
Тармақша 3-2
3-2) мынадай: Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулылар шығару;
Тармақша 3-3
3-3) тексеру нәтижелері туралы акт жасау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;
Тармақша 6
6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына іс-жүргізу шешімдерін қабылдау үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін бұзушылықтар туралы хабарлау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша заңсыз алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылық жасау құралы болып табылған өзге де заттарды алып қою, олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;
Тармақша 1-1
1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;
Тармақша 3
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;
Тармақша 4
4) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;
Тармақша 5
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;
Тармақша 5-1
5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беруді;
Тармақша 6
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуінің, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзілуін;
Тармақша 8
8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;
Тармақша 9
9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының орман заңнамасының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының өзге де талаптарының орындалуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киіммен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі. Айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, айырым белгілері бар (погонсыз) нысанды киім үлгілерін киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.
Бап 21-1. 21-1-бап. Орман қорының жай-күйiне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының тексеру актiлерi
21-1-бап. Орман қорының жай-күйiне, оны күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының тексеру актiлерi
Бөлім 3. 3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы
3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы
Тарау 5. 5-тарау. Орман иелену құқығы
5-тарау. Орман иелену құқығы
Бап 22. 22-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру
22-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына;
Тармақша 2
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктерге, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық парктерге (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк заңды тұлғалар мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылады.
Тармақ 4
4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган беретін тұрақты жер пайдалану құқығы актісімен куәландырылады.
Бап 23. 23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы
23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасы мемлекеттік емес заңды тұлғаларының оларға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.
Бап 24. 24-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары
24-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану;
Тармақша 2
2) осы Кoдекстe айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
Тармақша 2-1
2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;
Тармақша 3
3) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
Тармақша 4
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану;
Тармақша 4-1
4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.
Бап 25. 25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары Жекеше орман иеленушiлердiң:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;
Тармақша 2
2) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
Тармақша 4
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi және оны өткiзуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.
Бап 26. 26-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi
26-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi Мемлекеттiк орман иеленушiлер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;
Тармақша 2
2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;
Тармақша 4
4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
Тармақша 6
6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;
Тармақша 6-1
6-1) уәкілетті орган бекiткен қағидаларға сәйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге;
Тармақша 6-2
6-2) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргізуге;
Тармақша 6-3
6-3) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттерді және түбірлерді таңбалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган бекіткен орман тұқымдарын аудандастыруды сақтауға;
Тармақша 10
10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндіру станцияларын құруға және олардың қызметін уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесіне сәйкес қамтамасыз етуге;
Тармақша 11
11) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес мектеп орманшылығының жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесуге міндетті.
Бап 27. 27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi
27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi Жекеше орман иеленушiлер:
Тармақша 1
1) өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жеке орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген тәсілдермен және әдістермен жүргізуге;
Тармақша 2
2) өздерiнiң меншiгiндегi ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізуге қажетті ақпаратты беруге;
Тармақша 4
4) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөнiндегi қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақша 5
Бап 28. 28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман иелену құқығы:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттiк орман иеленушiге берiлген жағдайда;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қорының жерi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.
Тарау 6. 6-тарау. Орман пайдалану құқығы
6-тарау. Орман пайдалану құқығы
Бап 29. 29-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
29-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды. Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатыспайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы қысқа мерзімді орман пайдалану шарты және (немесе) орман билетi негiзiнде туындайды.
Тармақ 3
3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.
Тармақ 4
4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
Тармақ 5
5. Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрi сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражаты мен өндiрiстiк қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi.
Бап 30. 30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы
30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
Бап 31. 31-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
31-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану
Тармақ 1
1. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген орман пайдалану түрін және осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі орман ресурстары аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі су объектілерінде жүргізу үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.
Тармақ 1-2
1-2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) сүрек дайындау;
Тармақша 2
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, сондай-ақ балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі су объектілерінде жүргізу үшін пайдалану;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
Тармақша 7
7) жанама орман пайдалану.
Тармақ 1-3
1-3. Сүректі терең қайта өңдеу жөніндегі ірі жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары осы баптың 1-тармағын қолданбай, мемлекеттік орман иеленушімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасуға құқылы.
Тармақ 1-4
1-4. Алаңы 100 гектардан астам ірі орман өртінің салдарын жою кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тендер өткізу арқылы, ал осы баптың 1-3-тармағында аталған тұлғаларға тендер өткізбей, ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.
Тармақ 1-5
1-5. Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының орманды күзету, қорғау, оның өсімін молайту жөніндегі міндеттемелерді және осы Кодексте белгіленген және уәкілетті орган белгілеген өзге де талаптарды қабылдауы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын жасасудың міндетті талабы болады.
Тармақ 2
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты, өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға мынадай мақсатта: басты мақсатта пайдаланылатын ағаш кесу (сүрек дайындау) үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін; сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсат үшін – 10 жылдан 49 жылға дейін; жанама орман пайдалану, шайыр мен ағаш шырындарын дайындау үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін; аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін – 10 жылдан 49 жылға дейін; ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін – 10 жылдан 49 жылға дейін; ағаш және бұта тұқымдас көшеттік материалдар мен арнаулы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін 10 жылдан 49 жылға дейін беріледі. Алаңы 100 гектардан астам ірі орман өртінің салдарын жою кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысусыз Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жіберіледі:
Тармақша 1
1) меншік құқығында не сенімгерлік басқаруда материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
Тармақша 2
2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;
Тармақша 3
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы – инженер-техник қызметкердің болуы;
Тармақша 4
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;
Тармақша 5
5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;
Тармақша 6
6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық бес жылдық жоспардың болуы.
Тармақ 3
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс. 📌 Ескертпе. Осы баптың 1-3-тармағында ірі жоба деп: сүректі қайта өңдеу көлемі жылына кемінде екі жүз елу мың текше метр болатын; сүректі терең қайта өңдеу жөніндегі өндірістік қуаты бар; «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жоба танылады.
Бап 32. 32-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары
32-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:
Тармақша 1
1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекаралары;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;
Тармақша 3
3) орман пайдалану түрлерi;
Тармақша 4
4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);
Тармақша 5
5) орман пайдалану мерзiмi;
Тармақша 5-1
5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау;
Тармақша 6
6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;
Тармақша 7
7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi мiндеттерi;
Тармақша 8
8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-1
10-1) сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.
Бап 33. 33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды мемлекеттiк тiркеу
33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды мемлекеттiк тiркеу
Бап 34. 34-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде қысқа мерзiмдi орман пайдалану
34-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде қысқа мерзiмдi орман пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жанама орман пайдалану;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн пайдалану;
Тармақша 4
4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау.
Бап 35. 35-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу тәртiбi
35-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу тәртiбi Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып электрондық нысанда өткізіледі.
Бап 36. 36-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары
36-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.
Тармақ 2
2. Ағаш кесу билетін беруге мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік орман иеленушілер үшін – осы Кодекске сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі;
Тармақша 2
2) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар үшін – орман мекемесі бекіткен, мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі.
Тармақ 3
3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған іске жарамды және отындық) түрінде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.
Тармақ 4
4. Ағаш кесу билетi орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшерi, жұмыстар жүргiзудiң мерзімдерi, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәлiметтердi, ағаш кесу билетiнiң қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.
Тармақ 5
5. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшiн негiздеме болған құжаттарда көрсетiлген орман пайдалану түрлерiн ғана жүзеге асыруға, белгiленген көлемде және мемлекеттiк орман қорының нақты учаскесiне арнап берiледi.
Тармақ 6
6. Шайыр және ағаш шырындарын дайындауға арналған ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сөл ағызудың бүкiл мерзiмiне берiледi.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк орман иеленушi басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесудi және басқа да мақсаттарда ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүргiзген кезде ағаш кесу билетi және (немесе) орман билетi орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда - аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылады.
Тармақ 8
8. Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.
Тармақ 9
9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттама құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
Бап 37. 37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары
37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары
Тармақ 1
1. Орман пайдаланушылардың:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісу бойынша ағаш кесудің барлық түрін жүргізуге, орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын жүзеге асыруы кезінде өздерінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындаған орман пайдаланушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында өзгеше белгіленбесе, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұлғалардың алдында басқа да тең жағдайларда жаңа мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын жасауға басымдық құқыққа ие болады.
Тармақ 2
2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Бап 38. 38-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi
38-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi Орман пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде айқындалған талаптарды сақтауға;
Тармақша 2
2) тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтiруiне жол бермеуге;
Тармақша 3
3) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;
Тармақша 4
4) сүрек дайындаған кезде орманды табиғи түрде молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік орман қорының өздеріне орман пайдалану үшін бөлініп берілген учаскелерінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, өз қаражаты есебінен орман өрттерінің алдын алу іс-шараларын жүргізуге; орман өрті туындаған жағдайда ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында көзделген шекарада оны сөндіруді жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қорының басқа да учаскелерінде орман өрттерін сөндіруге қатысуға;
Тармақша 6
6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген мерзiмдерде өз қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде уәкілетті орган бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiру құралдары болуына;
Тармақша 8
8) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған ағаш сүректерiн қалдырмауға;
Тармақша 9
9) кеспеағаш аймағын кесілген ағаштардың қалдықтарынан мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес тазартуға;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн бөлiнген учаскелерiнде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;
Тармақша 11
11) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жұмыс аяқталғаннан кейiн оларды мемлекеттiк орман иеленушiлерге тапсыруға;
Тармақша 12
12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде орман орналастыру жобасына сәйкес қылқан жапырақты және қатты жапырақты тұқымдастар үшін ағаш кесілген алаңның екі еселенген мөлшеріне, жұмсақ жапырақты тұқымдастар үшін ағаш кесілген алаңның бір еселенген мөлшеріне тең алаңда үш жыл ішінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыруға;
Тармақша 12-1
12-1) мемлекеттік орман иеленушіде: орман дақылдары қоры; орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігі болмаған жағдайларда жергілікті бюджетке орман көмкерген алқапқа ауыстырғанға дейін орман дақылдарын отырғызу мен өсіру құнының мөлшерінде төлемақы енгізуге міндетті. Орман дақылдарын отырғызу мен өсіру үшін төлемақы орман иеленуші әзірлеген технологиялық-есеп картасымен айқындалады;
Тармақша 13
13) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң қызметi салдарынан өскiндер жойылған, ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебiнен жүзеге асыруға;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен орманды пайдаланудың төлемақысын уақтылы енгiзуге;
Тармақша 16
16) ормандардың санитариялық жай-күйiн қамтамасыз ету мен жақсарту жөнiндегi ережелердi (бұдан әрi - ормандардағы санитарлық ережелер) сақтауға;
Тармақша 17
17) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде орман иеленушіге орман зиянкестерімен және ауруларымен күресті ұйымдастыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ оған мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін бөліп берілген учаскелерінде орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы оған уақытылы хабарлауға;
Тармақша 17-1
17-1) орман пайлалануға берілген учаскелерде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптарына сәйкес орман қорының жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 19
19) өзге орман пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
Тармақша 20
20) уәкілетті орган айқындаған тәртiппен уәкілетті органның ведомствосына, аумақтық бөлімшелерге, облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға орман қорын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға;
Тармақша 20-1
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Бап 39. 39-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi
39-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу негiздерi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
Тармақша 1
1) орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарының талаптарын бұзған;
Тармақша 2
2) орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған;
Тармақша 2
2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектеледі.
Тармақ 3
3. Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi.
Тармақ 4
4. Орман пайдаланушы орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Орман пайдалану құқығын шектеу немесе тоқтата тұру орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзге де жауапкершiлiктен босатпайды.
Бап 40. 40-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
40-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
Тармақша 1
1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан;
Тармақша 2
2) орман пайдалану мерзiмi өткен;
Тармақша 3
3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
Тармақша 4
4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген қағидаларын немесе ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды жүйелі түрде (күнтізбелік жыл ішінде екi және одан да көп рет) бұзған;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерiстерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда;
Тармақша 6
6) орман пайдалану төлемақысын енгiзудiң белгiленген мерзiмiн үнемi (күнтізбелік жыл ішінде екi және одан да көп рет) бұзған немесе төлемақыны белгiленген мерзiмнен кейiнгi үш ай iшiнде енгiзбеген;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры жерi мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң неғұрлым қатал режимi белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзгедей жауапкершiлiктен босатпайды.
Бап 41. 41-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату тәртiбi
41-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату тәртiбi Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
Тармақша 1
1) ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының бұзылуы;
Тармақша 2
2) орман пайдаланушының жазбаша өтiнiшi;
Тармақша 3
3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы негiзiнде тоқтатылады;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 42. 42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы
42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болу тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк орман қорының санатымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрімен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен айқындалады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардың, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер дүниесі объектілерін қоспағанда, демалыс өткiзу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органының шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.
Тармақ 4
4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына және жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинауына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу мүддесiне орай шектеу қойылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа кезде, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгiзiлген жабайы өсетін өсiмдiктер мен саңырауқұлақтар түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi бар табиғи шикiзат жинау мен дайындауға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жеке тұлғалар өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге, орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының бұзылуына жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрiлiк шикiзатты олардың молықтырылуына нұқсан келмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинауға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау және балық аулау мақсатында болуы осы Кодекспен регламенттеледi.
Бөлім 4. 4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру
4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру
Тарау 7. 7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері
7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері
Бап 43. 43-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру
43-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:
Тармақша 1
1) орман орналастыру iсiн жүргiзудi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қорын санаттарға бөлудi;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;
Тармақша 4
4) кесу жасын белгiлеудi;
Тармақша 5
5) кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;
Тармақша 6
6) орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;
Тармақша 7
7) ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;
Тармақша 8
8) орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;
Тармақша 9
9) ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.
Бап 44. 44-бап. Мемлекеттiк орман қорының санаттары және орман пайдалануды шектеу режимi
44-бап. Мемлекеттiк орман қорының санаттары және орман пайдалануды шектеу режимi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егiс-топырақ қорғау, гендiк, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.
Тармақ 2
2. Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттiк орман қоры:
Тармақша 1
1) ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның iшiнде: мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары; мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары; мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары; мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандары; мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары; табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi; орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi; аса құнды орман алаптары; жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары; орман-жемiс екпелерi; аса биiк тау ормандары;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi;
Тармақша 3
3) қала ормандары;
Тармақша 4
4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары;
Тармақша 5
5) эрозияға қарсы ормандар;
Тармақша 6
6) өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi;
Тармақша 7
7) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер;
Тармақша 8
8) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;
Тармақша 9
9) егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлiнедi.
Тармақ 3
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан темiр жолдарға бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, темiр жол төсемiнен екi жаққа қарай бес жүз метр шегiндегi орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, жолдың ортасынан екi жаққа қарай екi жүз елу метр шегiндегi орман жатады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудiң мынадай режимдерi белгiленедi:
Тармақша 1
1) қорық режимi - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде ағаштарды кесуге тыйым салынады;
Тармақша 2
2) тапсырыс режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;
Тармақша 3
3) шектеулi шаруашылық қызметiнiң режимi - жапырақты сүрекдiңдерді қоспағанда, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге де түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.
Бап 45. 45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу
45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе ол шектелетiн ерекше қорғаныштық учаскелерге бөлiнуi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман орналастыру материалдары және (немесе) арнайы зерттеулер негiзiнде оның экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық маңызына қарай жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызуды, сондай-ақ бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қорында, осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетiлген санаттарды қоспағанда, орман пайдаланудың шектеулi режимiмен ерекше қорғаныштық учаскелер бөлiнуi мүмкiн. Ерекше қорғаныштық учаскелер басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.
Бап 46. 46-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу жасын белгiлеу
46-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу жасын белгiлеу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу жасы ормандардың маңызы мен өнiмдiлiгi, олардың атқаратын функциялары, ағаш және бұта тұқымдастарының биологиялық ерекшелiктерi, сондай-ақ сүректiң мақсатты пайдаланылуы негiзге алына отырып айқындалады.
Тармақ 2
2. Кесу жасын негiздеу орман орналастыру кезiнде немесе ғылыми зерттеулер нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Кесу жасын бекiтудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бап 47. 47-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспеағаш аймағы
47-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспеағаш аймағы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспе ағаш аймағы - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындаудың орман орналастыру кезiнде орманды үздiксiз және сарқылмайтындай етiп пайдалану принципi негiзге алына отырып, әрбiр мемлекеттiк орман иелiгi бойынша тексеру кезеңiне белгiленетiн жыл сайынғы нормасы. Республиканың бүкiл аумағы және оның жекелеген облысының аумағы үшiн есептi кеспеағаш аймағы жекелеген мемлекеттiк орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаш аймағының жиынтығы ретiнде айқындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын мемлекеттік орман иеленушінің орман орналастыру жобасының құрамында уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген жағдайда, есептi кеспеағаш аймағы осы учаскелер үшiн уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен белгiленеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасы, мемлекеттiк орман қорының қорғаныштық санаты өзгерген кезде есептi кеспеағаш аймағына өзгерiстер енгiзiледi. Мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде өзгертiлген есептi кеспеағаш аймағын бекiтудi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Бап 48. 48-бап. Мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрлерi
48-бап. Мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрлерi Мемлекеттiк орман қорының құрамы:
Тармақша 1
1) орман алқаптарына (орманды алқаптар; орманның жинақталмаған ағаштары; арнайы мақсаттағы плантациялар, орман питомниктерi, сондай-ақ ағаш өспеген алқаптар - ағашы кесiлген, өртең, алаңқай, селдiр ормандар);
Тармақша 2
2) ағаш өспеген алқаптарға (ауыл шаруашылығы алқаптары, жолдар, орманның шаршы соқпақтары, өртке қарсы жыртылған жерлер, усадьбалар, сулар, батпақтар, мұздақтар, құмайт жерлер және мемлекеттiк орман қоры құрамындағы басқа да алқаптар) бөлiнедi.
Бап 49. 49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру
49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру
Тармақ 1
1. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыруды орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер материалдары негiзiнде аумақтық бөлімше жүргiзедi. Алаңқай жерлер топырақ зерттеу және орман орналастыру материалдары бойынша орман өсiруге жарамсыз деп танылған жағдайларда ағаш өспеген алқаптарға айналдырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Аумақтық бөлімшенің орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда орманды алқаптарды ағаш өспеген алқаптарға айналдыру туралы шешiмiнде учаскенiң орналасқан жерi, оның көлемi, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды жүзеге асырудың мақсаты мен мерзiмi, атқаруға рұқсат етiлген жұмыстардың тiзбесi, ағаш өспеген алқапқа айналдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi осы учаскенi жаңғырту жөнiндегi iс-шаралар көрсетiледi.
Бап 50. 50-бап. Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру
50-бап. Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыруды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк орман иеленушi жүргiзедi.
Бап 51. 51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою
51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыруды және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:
Тармақша 1
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;
Тармақша 2
2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;
Тармақша 3
3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;
Тармақша 4
4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, белгіленген қуаты қоса алғанда 100 МВт-қа дейінгі гидроэлектр станцияларын, магистральдық құбыржолдарды салуға;
Тармақша 5
5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға;
Тармақша 6-1
6-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшеріндегі инвестицияларды көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыруға;
Тармақша 7
7) стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды орналастырудың мүмкін болатын басқа нұсқалары болмаған кезде осындай құрылысжайларды салуға және олардың жұмыс істеуіне байланысты ғана жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда орман қоры жерлерін ауыстыру кезінде инвестор тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындаған жер учаскелерінде мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен: 1) орманды жерлерде – ауыстырылатын учаске алаңының алты еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және жер учаскелерінде орман дақылдарын отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы оларға күтім жасауды; 2) ағаш өспеген жерлерде – ауыстырылатын учаске алаңының үш еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және жер учаскелерінде орман дақылдарын отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы оларға күтім жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты eмec мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қойған кезде осы жерлердегi екпелердi сақтау немесе кесу туралы және кесiлген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бiр мезгiлде шешiледi.
Бап 51-1. 51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру
51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру
Тармақ 1
1. Басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер орман қорының құрамына енгізілуге жатады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген екпелерді анықтауды, құжаттаманы ресімдеуді және оны уәкілетті органға ұсынуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 52. 52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту
52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүргiзiледi.
Бап 53. 53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу
53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу
Тармақ 1
1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.
Тармақ 2
2. Кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық шығарындылардың, қалдықтардың және төгiндiлердiң жағымсыз әсерiнен сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердi болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдары мен басқа да объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.
Бап 54. 54-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу
54-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа жер санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде аумақтық бөлімшемен келiсу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік орман қоры жерінде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру оны басқа санаттардағы жерге ауыстырмай, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бүлінген жер учаскелерін кейіннен рекультивациялай отырып және оларды орман иеленушіге бере отырып жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік отырғызуды және орман айналған алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге міндетті.
Тармақ 2
2. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетiледi.
Бөлім 5. 5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
Тарау 8. 8-тарау. Орман орналастыру
8-тарау. Орман орналастыру
Бап 55. 55-бап. Орман орналастыру
55-бап. Орман орналастыру
Тармақ 1
1. Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды. Орман орналастыру кезiнде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының шекарасын және мемлекеттiк орман иелiктерiнiң шаруашылықiшiлік ұйымдастырылуын айқындау, оның ішінде орманшылықтарға, орман шеберiнiң учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлу;
Тармақша 2
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттiк орман қорын арнайы картаға түсiру;
Тармақша 3
3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк табиғат-қорық қоры объектiлерiн, орманның аса сирек кездесетiн өсiмдiктерiн және ерекше қорғаныштық учаскелердi анықтау;
Тармақша 5
5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу, өзгедей мақсатта ағаш кесу, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, суландыру, күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртiбi мен тәсiлдерiн анықтау;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызуды негiздеу, мемлекеттiк орман қорын бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн алқаптар түрiне жатқызу және оларды негiздеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде есептi кеспеағаштарды, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мөлшерiн, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасын анықтау;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман тұқым шаруашылығы, ормандарды күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларының көлемiн анықтау;
Тармақша 8-1
8-1) артықшылығы бар, қалыпты және кемiстiгi бар екпелерді қоса алғанда, орман екпелерін селекциялық тұрғыдан бағалау;
Тармақша 9
9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану мөлшерiн айқындау;
Тармақша 9-1
9-1) орман шаруашылығын жүргiзуге кешендi баға беру кезінде өткен тексеру кезеңi iшiнде орман қоры аумағында өрттен және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды айқындау;
Тармақша 10
10) орманды биологиялық зерттеулер;
Тармақша 11
11) орман орналастыру жобаларын жүзеге асыруды авторлық қадағалау;
Тармақша 12
12) орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу және облыстар бойынша орман орналастырудың жиынтық жобаларын жасау жүзеге асырылады.
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Орман ресурстарын есепке алуға, орман қорының аумақтық құрылымына, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеуге, ормандардың мемлекеттік мониторингіне, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлауға және орман пайдалануға байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Орман орналастыру материалдары мемлекеттiк орман қоры жерiнiң шекарасын белгiлейтiн және нақтылайтын кезде, жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылады.
Бап 56. 56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі
56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі
Тармақ 1
1. Орман орналастыру уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ нұсқаулығына сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры аумағына орман орналастыруды уәкiлеттi органның құзырындағы мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары аэрофототүсірілімі мен ғарыш түсірілімінің материалдарын қолдана отырып жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Бастапқы орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте айқындалған тәртiппен бекiтiлген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орман иелігі аумағында ревизиялық кезең аяқталған және орман орналастырудың жаңа құжаттамасы қолданысқа енгізілгенге дейін:
Тармақша 1
1) өртке қарсы іс-шаралар ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады;
Тармақша 2
2) ағашты санитариялық мақсатта кесуді қоса алғанда, орман қорғау іс-шаралары ормандардың санитариялық жай-күйіне қарай, мемлекеттік орман иеленушілер немесе уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізетін орман-патологиялық зерттеп-қараулардың материалдары бойынша айқындалатын көлемдерде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар орман дақылдары қорының болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде, бірінші кезекте, ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерде орындалады;
Тармақша 4
4) орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдыларының өсуіне кедергі келтіретін ағаштарды кесіп тастауды қажет ететін екпелердің болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады;
Тармақша 5
5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу есепті кеспеағаш аймағының орман орналастыру жобасында белгіленген шекте уәкілетті орган бекіткен жыл сайынғы кеспеағаш аймағы қоры мөлшерінде жүргізіледі. Бір жыл бойы есепті кеспеағаш аймағына осы Кодексте айқындалған тәртіппен өзгерістер енгізіледі;
Тармақша 6
6) орман пайдаланудың осы бөліктің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген қалған түрлері осы Кодексте айқындалған тәртіппен ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде жүзеге асырылады. Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен орман пайдалану туралы деректерді бұрынғы орман орналастыру материалдарына енгізуге міндетті.
Бап 57. 57-бап. Мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары
57-бап. Мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорында орман орналастыру кезiнде орман орналастыру жобалары жасалады, оларда өткен тексеру кезеңi iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен мемлекеттiк орман қорын пайдалануға кешендi баға берiледi, орман шаруашылығы іс-шаралары жоспарланады және орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң келесi тексеру кезеңiне арналған негiзгi ережелерi әзiрленедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттарын уәкiлеттi орган бекiтедi және олар орман шаруашылығын жүргiзу, оның ағымдағы және болашақтағы дамуын жоспарлау үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер болып табылады.
Тармақ 3
3. Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Бап 58. 58-бап. Орман қоры туралы ақпарат
58-бап. Орман қоры туралы ақпарат
Тармақ 1
1. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және уәкiлеттi орган және (немесе) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары алған өзге де деректердi қамтиды.
Тармақ 2
2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.
Тарау 9. 9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
Бап 59. 59-бап. Орман қорының мемлекеттiк есебi
59-бап. Орман қорының мемлекеттiк есебi
Тармақ 1
1. Орман қорының мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi. Мемлекеттiк орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер мен мемлекеттiк табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттiк табиғи ескерткiштер солардың құрамында есепке алынады. Орман қорының мемлекеттiк есебiнiң деректерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып бекітеді.
Тармақ 3
3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
Бап 60. 60-бап. Мемлекеттiк орман кадастры
60-бап. Мемлекеттiк орман кадастры
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттiк орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттiк орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн алып қою, ормандарды пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен ормандарды экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Бап 61. 61-бап. Мемлекеттiк орман мониторингi
61-бап. Мемлекеттiк орман мониторингi Ормандардың мемлекеттік мониторингi орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен серпінін байқау, бағалау және болжау, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi. Ормандардың мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
Бөлім 6. 6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы
6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы
Тарау 10. 10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау
10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау
Бап 62. 62-бап. Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау мiндеттерi
62-бап. Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау мiндеттерi Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiн күзету;
Тармақша 4
4) орман пайдаланушылардың сүрiктi түбiрiмен босату, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережелерiн және орман пайдаланудың басқа да түрлерi ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың өсiп-көбеюiн болжау және оларға қарсы күресу;
Тармақша 6
6) биотехникалық iс-шараларды жүргiзу;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың өзгеруіне осалдықты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Бап 63. 63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру
63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.
Тармақ 3
3. Ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелерi өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi өртеуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қояды.
Тармақ 5
5. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Бап 64. 64-бап. Орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк өрт қадағалау
64-бап. Орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк өрт қадағалау
Бап 65. 65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар
65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар
Тармақ 1
1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ормандарды өрттерден күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар мемлекеттік метеорологиялық қызметтің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етіледі.
Бап 65-1. 65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орман қорын күзетуге қатысуы
65-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орман қорын күзетуге қатысуы Орман өрттерін сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызметті, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту тәртібін уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмімен белгіленеді.
Бап 66. 66-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдардың орман қорын күзетуге қатысуы
66-бап. Өртке қарсы ерікті құралымдардың орман қорын күзетуге қатысуы
Тармақ 1
1. Орман қорын өрттен күзетуге, олардың алдын алу және оларды сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдар қатысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Өртке қарсы ерікті құралымдарды құру және олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 67. 67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау
67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау мемлекеттiк орман қорының жай-күйiн жүйелi түрде қадағалап отырумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау мен жою шаралары арқылы орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтаумен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау:
Тармақша 1
1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдi және басқа да орман-патологиялық зерттеулер;
Тармақша 2
2) орман зиянкестерi мен ауруларының өсiп-көбеюiн жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалау;
Тармақша 3
3) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi жер бетiндегi және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) орман зиянкестерi мен ауруларының алдын алу мен оның ошақтарын жою iс-шараларын қамтиды.
Тармақ 2-1
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уәкілетті орган бекiткен ормандардағы санитариялық қағидалармен регламенттеледi.
Бап 68. 68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысуы
68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысуы Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысады. Халық орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы қатысады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге байланысты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетеді. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер ормандардың биологиялық әр алуандығын, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін, мәдени және табиғи мұраны сақтау, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мектеп орманшылықтарын дамыту, өртке қарсы ерікті құралымдарды құру жөніндегі өздерінің қызметін және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы басқа да қызметті орман мекемесімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Тарау 11. 11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті
11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті
Бап 69. 69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi
69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттiк орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк орман қорын пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжаттарын тексеру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды тексерiп қарау, ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке қарап тексеру;
Тармақша 5
5) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың заңсыз қолға түсiрген орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын, оларды қолға түсiру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұлардың кейiннен кiмге тиесiлi болатыны туралы мәселенi шешу құқықтары;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман күзеті мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және оның жолын кесуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттiк органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларға анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беруге;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп тудырған жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен сөндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
Тармақша 5
5) шаруашылық қызмет пен өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге мiндеттi.
Тармақша 6
6) алып тасталды
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат eтiледi.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), қызметтiк қарумен және арнаулы қорғаныс құралдарымен, қызметтiк жер телiмiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар.
Тармақ 6-1
6-1. Тартылып отырған күштер мен құралдарға қарамастан, мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы орман өртін сөндіру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi уәкілетті орган бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен айқындалады.
Бап 70. 70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
Тармақ 2
2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.
Тарау 12. 12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру
12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру
Бап 71. 71-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру мақсаттары
71-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру мақсаттары
Тармақ 1
1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгін арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Орман өсiру мақсаты бұрын ағаш өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.
Бап 72. 72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру
72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру ағаш кесудің ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-генетикалық негiзде тұрақты орман тұқым базасын жасау және оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығына арнап жолдар салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды орман мекемелері және орман пайдаланушылар орманның экожүйелік қызметтері үшін ерікті жарналар есебінен жүргізе алады.
Бап 73. 73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу
73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайы мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстар көлемi орман орналастыру және осы салаға маманданған басқа да жобалау-iздестiру ұйымдары әзiрлеген, мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын, питомниктерді, орманның табиғи қалпына келуіне жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсуге қалдырылған алаңдарды түгендеу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жекеше орман қоры жерлерiнде орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бап 74. 74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру
74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру Республика аумағының оңтайлы ормандануын, өзендер, су айдындары жағалауларының желектенуiн қамтамасыз ету үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда орман мекемелерiне мемлекеттiк орман қоры жерiнiң құрамына өзге санаттағы жерлер, бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жарамсыз (сайлар, жыралар, құмдауыттар, басқа да тозған жерлер) жерлер, сондай-ақ босалқы жерлер берiлуi мүмкiн. Аталған жерлердi орман мекемелерiне беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 75. 75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру
75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру
Тармақ 1
1. Орман биоқауымдастықтарында өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен нысандарын қалпына келтiру және молықтыру жергiлiктi байырғы флора мен фаунаның ең жақсы тұқымдарын қайта жерсiндiру жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Өсiмдiктердiң негiзгi байырғы түрлерiне зиянын тигiзетiн өсiмдiктер түрлерiн жерсiндiруге тыйым салынады.
Тарау 13. 13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы
13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы
Бап 76. 76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi
76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi Орман тұқым шаруашылығының негiзгi мiндеттерi орманды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстарды бағалы тұқым қуалаушылық қасиеттерi бар және себу сапасы жоғары тұқымдармен қамтамасыз ету, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты орман тұқым базасын қалыптастыру болып табылады.
Бап 77. 77-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тұрақты орман тұқым базасы
77-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тұрақты орман тұқым базасы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тұрақты орман тұқым базасы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы:
Тармақша 1
1) орман тұқымы плантациялары;
Тармақша 2
2) тұрақты орман тұқым учаскелерi;
Тармақша 3
3) артықшылығы бар екпелер объектiлерiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тұрақты орман тұқым базасын жасау ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған тұқымдар мен отырғызу материалдарына қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Орман тұқымы плантациялары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен және осы салада маманданған жобалау-іздестіру немесе ғылыми ұйымдар әзірлеген жобалар бойынша құрылады. Тұрақты орман тұқымы учаскелері осы салада маманданған жобалау-іздестіру және ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес қалыптасады.
Бап 78. 78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер
78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi анықтау мен құру орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын кепiлдi сақтау, тұқым қуалаушылық қасиеттерiн бағалау, орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін неғұрлым келешегі бар тұқымдар түрiн iрiктеп алу үшiн жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлерге:
Тармақша 1
1) артықшылығы бар ағаштар;
Тармақша 2
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары;
Тармақша 3
3) географиялық дақылдар;
Тармақша 4
4) популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары;
Тармақша 5
5) орман генетикалық резерваттары жатады.
Тармақ 3
3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi күзетудi мемлекеттiк орман иеленушiлер жүзеге асырады.
Бап 79. 79-бап. Орман тұқымын аудандастыру
79-бап. Орман тұқымын аудандастыру
Тармақ 1
1. Орман тұқымын аудандастыру ғылыми-зерттеу талдамалары негiзiнде белгiленедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
Тармақ 2
2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Орман тұқымдары мен отырғызу материалдарын орман тұқымын аудандастыру талаптарын бұза отырып егуге және пайдалануға тыйым салынады.
Бап 80. 80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау
80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау
Тармақ 1
1. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектiлерiнде жүзеге асырылады, ал олар жетiспеген жағдайда қалыпты екпелерде дайындауға жол берiледi.
Тармақ 2
2. Орман тұқымдарын кемiстiгi бар екпелерде және кемiстiгi бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарына сараптама жасауды олардың ұлттық стандарттарға, техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестігі туралы құжаттар беруді уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 14. 14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері
14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері
Бап 81. 81-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi
81-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 82. 82-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi
82-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Қалалық елдi мекендердiң шекарасы шегiнде орналасқан ормандар (қала ормандары) халықтың демалысына, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да шараларды өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналады.
Тармақ 2
2. Қала ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
Бап 83. 83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi Шекара аймақтарындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Бап 84. 84-бап. Орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану ерекшелiктерi
84-бап. Орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман иеленушілерге және (немесе) орман пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген орман иеленушілер және (немесе) орман пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында аталған ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына бақылауды уәкілетті органның ведомствосы, аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
Бап 85. 85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру ерекшелiктерi
85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес, табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi. Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.
Бап 86. 86-бап. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
86-бап. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелер жердi қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған.
Тармақ 2
2. Бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады. Бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсiп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiледi және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жекеше орман қоры жерлерiне ауыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Агроорман-мелиорациялық екпелердiң қорғаныштық функцияларын сақтау мақсатымен орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
Бап 87. 87-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
87-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
Тармақ 2
2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi, оларды өсiру жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында аталған қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, осы Кодекске сәйкес, жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
Бөлім 7. 7-бөлім. Орман қорын пайдалану
7-бөлім. Орман қорын пайдалану
Тарау 15. 15-тарау. Орман пайдалану түрлері
15-тарау. Орман пайдалану түрлері
Бап 88. 88-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері
88-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың:
Тармақша 1
1) сүрек дайындау;
Тармақша 2
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
Тармақша 3
3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау;
Тармақша 4
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
Тармақша 5
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, сондай-ақ балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу, оның ішінде мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі су объектілерінде жүргізу үшін пайдалану;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану;
Тармақша 8
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану орман ресурстарын алып қойып, сондай-ақ оларды алмай да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскесi орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрлерiн жүзеге асыру үшiн бiр немесе бiрнеше орман пайдаланушыға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Koдекске сәйкес уәкілетті органның актiлерiмен айқындалады.
Бап 89. 89-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау
89-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Тарау 16. 16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру
16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру
Бап 90. 90-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу
90-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:
Тармақша 1
1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;
Тармақша 2
2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);
Тармақша 3
3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Бап 91. 91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi
91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi
Тармақ 1
1. Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге берiледі.
Бап 92. 92-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттарында орман пайдалануды шектеу
92-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттарында орман пайдалануды шектеу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорының "мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары", "табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi", "орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi", "аса құнды орман алаптары" санаттарында, сондай-ақ қорық режимiндегi мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында орман пайдалануды шектеудiң қорық режимi белгiленедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" және "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандары" санаттарында; мемлекеттiк орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы "мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы "мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының "жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары", "орман-жемiс екпелерi", "aca биiк тау ормандары", "мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi", "эрозияға қарсы ормандар" және "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер", "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында орман пайдалануды шектеудiң тапсырыстық режимi белгiленедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман қорының мынадай:
Тармақша 1
1) шектеулі шаруашылық қызметі аймақтарында "мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары" және "мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары";
Тармақша 2
2) "жапырақты сүрекдіңдерді қоспағанда, "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi";
Тармақша 3
3) шектеулі шаруашылық қызметі аймағындағы "мемлекеттік қорық аймақтары ормандары" санаттарында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленеді. Мемлекеттік орман қорының "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 93. 93-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi
93-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттiк орман қорының "егiс-топырақ қорғау ормандары" санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттiк орман қорының "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" санатының жапырақты сүрекдіңдерінде жүргізіледі. Мемлекеттiк орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған санаттағы ормандарында басқа мақсатта ағаш кесу, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты ағаш кесу осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен жүргiзiледi. Мемлекеттiк орман қорының "халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелерi"; "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк өңірлік табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи парктердің және мемлекеттiк қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттiк өңірлік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи қаумалдардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi. Аталған мақсаттарда ағаш кесу осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.
Бап 94. 94-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi
94-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекiтіледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөніндегі, құрылыс объектiлерiне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөнiндегi жұмыстар көлемiмен анықталады және осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекiтіледi.
Бап 95. 95-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры
95-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттiк орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекiтіледi.
Бап 96. 96-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
96-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады. Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уәкілетті орган бекiтедi.
Бап 97. 97-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау
97-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiмен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттiк орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.
Бап 98. 98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары
98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиіс.
Бап 99. 99-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю
99-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi. Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалануға Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасына сәйкес Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда аталған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың артықшылықты құқығы бар. Орман және табиғат қорғау мекемелері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына жайылымдар мен шабындықтар алып жатқан алаңдар мен олардан бос алаңдарды, олардың орналасқан жерін көрсете отырып, мемлекеттік орман қорының шөп шабу және мал жаю мүмкін болатын учаскелері туралы, сондай-ақ оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтерді ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы бекiтедi.
Тармақ 3
3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.
Бап 100. 100-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану
100-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
Бап 101. 101-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
101-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
Тармақ 1
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Бап 102. 102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi.
Тармақ 2
2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Бап 102-1. 102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану
102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт талаптарымен беріледі.
Тармақ 2
2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.
Бап 102-2. 102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу
Тармақ 1
1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салу сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесімен және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
Тармақ 3
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады.
Тармақ 4
4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Тармақ 5
5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс.
Бап 102-3. 102-3-бап. Мемлекеттік орман қоры аумағында құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
102-3-бап. Мемлекеттік орман қоры аумағында құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қорында ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін негіз болып табылады. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген құрылыс объектісін жобалауға тапсырма жасау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер немесе мемлекеттік табиғи резерваттар жерінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен немесе мемлекеттік табиғи резерватпен жасаған ұзақ мерзімді пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жобалауға тапсырма алу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде объектілер құрылысының сапасына бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде» және «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексімен айқындалады.
Тармақ 4
4. Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде» және «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексімен реттеледі.
Бап 103. 103-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
103-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi орман пайдалану режимiндегi жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi. Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Орман флорасы мен фаунасы гендік қорының репродуктивтік материалдарына қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Бөлім 8. 8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
Тарау 17. 17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
Бап 104. 104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;
Тармақша 3
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
Бап 105. 105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша — гектармен (га), көлемі бойынша — тығыздық текше метрімен (м 3 ) немесе қаланған текше метрмен (қал. м 3 ), саны бойынша — түйірлеп, салмағы бойынша — килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.
Бап 106. 106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
Тармақша 3
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
Тармақша 4
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
Тармақша 5
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;
Тармақша 6
6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.
Бап 107. 107-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
107-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттiк орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
Бап 108. 108-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
108-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
Тарау 18. 18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
Бап 109. 109-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi
109-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
Тармақша 1
1) бюджет қаражаты;
Тармақша 2
2) алып тасталды
Тармақша 3
3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткiзуiнен түскен қаражаты;
Тармақша 4
4) орман пайдаланушылардың қаражаты;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде орманның экожүйелік қызметтері үшін қайырмалдықтары, ерiктi жарналары;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
Бап 110. 110-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру
110-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру Бюджет қаражатынан:
Тармақша 1
1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi;
Тармақша 2
2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
Тармақша 3
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;
Тармақша 4
4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;
Тармақша 5
5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестiң орман патологиялық мониторингiн;
Тармақша 6
6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
Тармақша 7
7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;
Тармақша 8
8) уәкiлеттi органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттiк органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi: ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау; ормандарды молықтыру мен орман өсiру; орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру; орман шаруашылығын жобалау; күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу; ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөнiндегi iс-шараларды;
Тармақша 9
9) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бап 111. 111-бап.
111-бап.
Бап 112. 112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен түскен қаражаты
112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен түскен қаражаты
Тармақ 1
1. Орман мекемелерiнiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:
Тармақша 1
1) елді мекендерді көгалдандыру және орман тұқымдарын жинау үшін отырғызылатын материалды өсіру, жасыл, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелерді жасау, екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оқу практикасын өткізу;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі қайта өңдеуден алынған тауарлар мен өнімді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімін өткізу және сүректі қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсету;
Тармақша 3
3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету;
Тармақша 4
4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы.
Тармақ 1-1
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Орман мекемелерiнiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
Тарау 18-1. 18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
Бап 112-1. 112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
Тармақ 1
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру;
Тармақша 2
2) орман питомниктерін құру және дамыту.
Тармақ 2
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жерлерінде де, мемлекеттік орман қоры жерлерінде де жүзеге асырылады.
Бап 112-2. 112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері
112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіру, жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері болып табылады.
Бап 112-3. 112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері
112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау және оны жүзеге асыру мерзімдері
Тармақ 1
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін);
Тармақша 2
2) жекеше орман питомниктерін құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай мерзімдерден аспай жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру – он-он бес жыл;
Тармақша 2
2) жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту – бес-он жыл.
Бөлім 9. 9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
Тарау 19. 19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар
Бап 113. 113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар
113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар
Тармақ 1
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
Тармақша 1
1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
Тармақша 4
4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;
Тармақша 5
5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
Тармақша 6
6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;
Тармақша 7
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын, санитариялық қағидаларды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын бұзу;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу;
Тармақша 9
9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттемелердi орындамау;
Тармақша 10
10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру;
Тармақша 11
11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау;
Тармақша 13
13) мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу;
Тармақша 14
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
Тармақша 15
15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;
Тармақша 16
16) орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
Тармақша 17
17) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;
Тармақша 19
19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру және таксациялау қағидаларын бұзу;
Тармақша 20
20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
Бап 114. 114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 115. 115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару
115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.
Тармақ 2
2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.
Бап 116. 116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 20. 20-тарау. Қорытынды ережелер
20-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 117. 117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 117-1. 117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
Тармақ 1
1. Орман шаруашылығының мамандары Қазақстан Респрубликасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.
Тармақ 2
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығының мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
Тармақ 3
3. Орман шаруашылығының және осы Кодекстің 18-1-бабында көрсетілген кәсіпорындардың мамандарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.
Бап 118. 118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 46-құжат).