О публичном сервитуте для ТОО «Mineral Investment Group» Қолданыста
Басқа 0
«Mineral Investment Group» ЖШС-ге жария сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес және «Mineral Investment Group» ЖШСнің арызы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қопа ауылдық округі аумағынан «Mineral Investment Group» ЖШС-нің қатты пайдалы қазбаларды барлауға жалпы көлемі 443 га жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2032 жылдың 23 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2 «Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.