Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью «Mineral Investment Group» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Mineral Investment Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Mineral Investment Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданында орналасқан 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 3899-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 1109 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 19 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлемі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресмі жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Mineral Investment Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.