Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей разновидностями черного усача (Monochamus) и внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 15 декабря 2016 года № 378 «Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 03/564 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер учаскесінде карантин режимінің күші жойылсын: Глубокое ауданы, Черемшанка ауылдық округі, «Черемшанка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, зақымданған алаң – 0,22 гектар.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.»; көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Шығыс Қазақстан облысы аумағында шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 қаулысына қосымша Шығыс Қазақстан облысы аумағында шыршаның үлкен қара мұртты қоңызымен (Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы Аудан және ауылдық округтің атауы Жер учаскесінің тиесілігі Зақымданған алаң, гектарда Катонқарағай ауданы Белқарағай «Қаражай» шаруа қожалығы 5,0 Аудан бойынша барлығы 5,0