Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей черным сосновым усачом (Monochamus galloprovincialis (Olivier) Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 03/627 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Аудандар, ауылдық
округтер атауы
Жер учаскесінің тиесілігі
Зақымданған алқап, гектарда
Бесқарағай ауданы
Долон ауылдық округі
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі Долон филиалының Байдаулет орманшылығы
5
Барлығы
5