О внесении изменения и дополнений N 1 в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 15 июня 1999 года N 292 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына N 1 өзгеріс пен толықтырулер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі және "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 834 және "Мир" мемлекетаралық телерадикомпаниясының мәселелері" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 553 қаулыларына, 1999 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы бекіткен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Шаруашылық Басқармасы туралы ережеге сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
Тармақша 1
1) Ережеге N 1-қосымшада: "Ресми делегацияларға қызмет көрсету", "Іскерлік ынтымақтастық шеңберінде ТМД елдерімен ақпараттық саясатты жүргізу" және "Ауыл шаруашылығында реформаларды мемлекетті қолдау" деген жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "10.3.212.46.31 Ормандар мен жануарлар әлемін жердегі қорғау, 1-топ";
Тармақша 2
2) Ережеге N 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "6.2.258.57 Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау, 1-топ 6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу жөніндегі жеңілдіктер, 1-топ 6.2.258.58 Жергілікті деңгейде ішкі әскерлер мен мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау, 1-топ 6.2.258.58.30 Қоғамдық көліктің барлық түрлеріне - қалалық, қалааралық және жергілікті бағыттағы (таксиден басқа) жүру жөніндегі жеңілдіктер 6.2.258.59 Жергілікті деңгейде 1999 жылғы 7 сәуірге дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" жоғарғы атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарды әлеуметтік қолдау, 1-топ 6.2.258.59.30 Қоғамдық көліктің барлық түрлерінде - қалалық, қалааралық және жергілікті бағыттағы (таксиден басқа) жүру жөніндегі жеңілдіктер, 1-топ 6.2.258.59.31 Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған шығыстар бойынша жеңілдіктер, 1-топ".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.